Берлинде әйелдердің бассейнде үстіңгі киімсіз шомыла беруіне рұқсат берілді

0
590

Көп ұзамай бұл мәселе қаладағы бассейндер бірлестігі мүшелерімен қаралып, ақырында кез-келген адамның жартылай жалаңаш суға түсуіне рұқсат беріледі.


Берлинде әйелдердің бассейнде үстіңгі киімсіз шомыла беруіне рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Германия астанасындағы бассейндерде енді кез-келген адам жынысына қарамастан жартылай жалаңаш шомыла алады. Шешімді берлин бассейндері бірлестігі қабылдаған, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Dw.com ақпарат агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, мұндай шешімге 33 жастағы келіншектің арызы себеп болған. Ол 2022 жылдың желтоқсан айында белден жоғарғы денесін бүркегісі келмей бассейнге түспек болады. Бірақ ондағы әкімшілік омырауын жаппаған әйелге ескерту айтып, орындамағаннан кейін қуып шығады. Артынша әлгі келіншек адам құқығын қорғау бюросына арызданады. Әрі бассейн аумағында киім кию үлгісіне байланысты ешқандай талап-ереже жазылмағанын ескертіп, нақты шара қолдануды сұрайды.

Көп ұзамай бұл мәселе қаладағы бассейндер бірлестігі мүшелерімен қаралып, ақырында кез-келген адамның жартылай жалаңаш суға түсуіне рұқсат беріледі. Осылайша Берлиндегі бассейндерде енді әр адам жынысына қарамастан белден жоғары киім жаппаса да суда шомыла беруіне болады.