​"Биік Қазығұрттың" арулары жеңіске жетті

0
1 275


​

5 мамыр күні футболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогының финалы өтті. Шешуші матчта Шымкенттің "Биік Қазығұрт" клубы Көкшетаудың "Оқжетпес" командасына қарсы алаңға шықты. Ойын тартысты өтіп, ойын тағдырын жалғыз гол шешті.

Грузиялық Гулнара Габеляның голы шымкенттік аруларға жеңіс сыйлады. Осы орайда айта кетсек, келесі аптада әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жалауы көтеріледі. Осылайша "Биік Қaзығұрт" командасы сәтті бастады.

Команда бас бапкері Калоян Петков биылда шәкірттерімен Еуропа чемпиондар лигасында сәтті ойын көрсетуді жоспарлап отырғанын білдірді.

(фотода гол авторы Гулнара Габелия кубокпен)