"Бізден мықты": Еуропалық легионер Қазақстан футболының артықшылығы жайлы

0
658

Сондай-ақ Қазақстандағы футболдың кемшіліктері де аталды.


ERNUR.KZ. Қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Станимир Димитров Қазақстан футболы туралы ойын айтты, деп жазады kaz.vesti.kz.

Футболшының сөзін болгариялық Sportal.bg басылымы беріп отыр.

Қостанайлық команда үшін Димитров барлық турнирде 130 ойын өткізіп, алты гол салған. Клубпен бірге футболшы үш күміс және бір қола жүлде, сондай-ақ, 2007 жылы Қазақстан кубогын иеленді.

- "Тобылда" сіз аңызға айналдыңыз, түрлі мерекелерге әлі де шақырады. Сіз Қазақстан бізден мықты ойнайды дегеніңізге көпшілік күлген еді.

"2005 жылдың басында Қазақстанға көштім, шынын айтайын, басында шүбәләндім. Ұсыныс жасалғанда бірнеше сағат интернетті ақтарып, қайда бара жатқанымды зерттедім. Ол кезде 32 жаста едім. Ол жерде футболдың деңгейі төмен деп айта алмаймын. Төрт-бес жыл біз еуропалық турнирлерде 20-25 матч өткіздік. "Аустриямен" (Вена) тең ойнап, пенальтиден ғана ұтылдық. Қазақстаннан жақсы әсер алдым. Олар базаларына, легионерлер трансферіне қаржы құйып, дамып жатқанын көрдім. Бастапқы екі-үш маусым жақсы ойнадым. Маған тіпті азаматтық бермек болды. Кейін сол жаққа кеткен біздің бапкерлер де көп болды: Станимир Стойлов, Стойчо Младенов, Димитар Димитров, Георги Дерменджиев, Николай Костов, Илиан Илиев те бір аяғымен сонда еді. Бұл Болгарияның ең мықты бапкерлері ғой. Міне Қазақстан футболдан бізден асып түседі деп айтқаным осы. Бірақ бір жаманы олар өздерінің кадрларына көңіл бөлмейді. Дегенмен кейінгі уақытта әр қалада академиялар сала бастады, бұл дұрыс. Енді олар мектептерге ақша құюда. Футболшы ретінде біз қазақстандықтарға қарағанда таланттымыз, бірақ, олар бізден менталитет жағынан артық. Біз тым былқылдақ футболшымыз" - дейді бұрынғы жартылай қорғаушы.