Боб Арум онжылдықтың үздік боксшысын атады

0
477

Үнемі жұдырықтасып жүрген филиппиндікке қарсылас жоқ.


Боб Арум онжылдықтың үздік боксшысын атады

ERNUR.KZ. 41 жастағы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) - онжылдықтың үздік боксшысы. Мұндай пікірді Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум айтты, деп жазады Тengrinews.kz.

Оның пікірінше, үнемі жұдырықтасып жүрген филиппиндікке қарсылас жоқ.

"Онжылдықтың боксшысы? "Мэнни Пакьяо" деймін, себебі ол үнемі жұдырықтасады және барлығымен шығады. Ол Мейвезер рингке шыққысы келмеген жалғыз боксшы, ол спорттың жанашыры. Тіпті оның бәсекелесі жоқ деп есептеймін. Онжылдықтың боксшысы ретінде Мэннимен тең болатын ешкім жоқ", - дейді Арум.

Оның айтуынша, Мэнни Пакьяо Top Rank атынан шыға ма, әлде басқа промоутердің атынан шыға ма, бәрібір, ол әлі күнге дейін жұдырықтасып жүр. Онжылдықтың боксшысы сол. Ол ұлы әрі осы спорттағы аңыздармен бір қатарда болады", - деп келтіреді Арумның сөзін vRinge.com.

Айта кетейік, Пакьяоның мүддесін Эл Хэймон басқаратын Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы қорғайды.