Бокс ұйымы Головкиннің дәрежесін көтерді

0
675

Головкинге бұл дәреже ұйымның сәуір айына арналған жаңартылған рейтингінде бекітілді.


Бокс ұйымы Головкиннің дәрежесін көтерді

ERNUR.KZ. Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) суперчемпионы ретінде мойындалды, деп жазады Vesti.kz.

Головкинге бұл дәреже ұйымның сәуір айына арналған жаңартылған рейтингінде бекітілді. Өткен айда GGG Сайтамада жергілікті Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Айта кетейік, орта салмақта ұйым чемпионы Эрисланди Лара. Рейтингте көшбасшы Крис Юбенк, екінші Хайме Мунгия, ал үшінші орында аргентиналық Серхио Мартинес.