Боксшы айқас кезінде әйел төрешіні ұрып жіберді

0
475

Турнирдің 1/8 финалында супер ауыр салмақта камерундық Максим Нджиейо үндістандық Сагар Ахлаватпен қолғап түйістіріп, клинчтен кейін "стоп" командасына тоқтап үлгермеді.


Боксшы айқас кезінде әйел төрешіні ұрып жіберді

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда бокстан әуесқойлар арасында өтіп жатқан Достастық Ойындарында қызық жағдай тіркелді, деп жазады vesti.kz.

Турнирдің 1/8 финалында супер ауыр салмақта камерундық Максим Нджиейо үндістандық Сагар Ахлаватпен қолғап түйістіріп, клинчтен кейін "стоп" командасына тоқтап үлгермеді. Нәтижесінде абайсызда боксшының балғадай қолы төреші Паола Фалорнидің бетіне тиіп кетті.

Соққы ауыр болмағандықтан рефери болған жағдайда назар аудармады. Тек аздаған үзілістен кейін камерундық боксшыға ескерту жасады. Ал жекпе-жекті Сагар Ахлават жеңіп, жарыстың ширек финалына шықты.