Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Белградта өтеді

0
597

Белград бокстан әлем чемпионатын араға 43 жыл салып қабылдайды.


Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Белградта өтеді

ERNUR.KZ. Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Сербия астанасы Белградта өтетін болды, деп жазады baq.kz.

Жоспар бойынша, әлемдік дода Үндістанның Нью-Дели қаласында өтуі тиіс еді. Алайда, Нью-Дели өз міндеттемелерін толық орындамаған соң, АИБА Үндістан бокс федерациясымен келісімшартты бұзды.
Ең алдымен ірі спорттық доданың өтетіні туралы қуанышпен хабарлаймын. Белград әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізетініне сенімдімін. Өйткені, Сербияда ірі спорттық жарыс ұйымдастыратын үлкен мүмкіндік бар, - дейді АИБА-ның уақытша президенті Мохаммед Мустахсане.
Айта кетелік, Белград бокстан әлем чемпионатын араға 43 жыл салып қабылдайды.