Бокстан Азия чемпионатына баратын бұрымдылар тізімі шықты

0
545

Турнир16-27 қаңтар аралығы Таиланд астанасы Бангкокте өтеді.


Бокстан Азия чемпионатына баратын бұрымдылар тізімі шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі 22 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамның тізімін жариялады, деп жазады vesti.kz.

Турнир16-27 қаңтар аралығы Таиланд астанасы Бангкокте өтеді.

Бұл жарыста Қазақстан 12 салмақта өнер көрсетеді:⠀

- 48 келі. Әнел Құдайберген
- 50. Мөлдір Тойкова
- 52. Жансая Рахымберді
- 54. Әнел Сақыш
- 57. Виктория Графеева
- 60. Шахназ Исаева
- 63. Назерке Серік
- 66. Ақнар Ишанова
- 70. Жасмин Қизатова
- 75. Дана Дидай
- 81. Гүлсая Ержан
- +81. Елдана Тәліпова