Бокстан Азия чемпионатында жасөспірім қыздар 3 алтын еншіледі

0
933

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.


Бокстан Азия чемпионатында жасөспірім қыздар 3 алтын еншіледі

ERNUR.KZ. Араб Әмірліктерінде бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы құрлықтық біріншіліктен 3 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль ұтып алды.

Назерке Серік (54 кг), Валерия Семенова (-70 кг), Дана Дидай (-75 кг) жарыс жеңімпазы атанса, Диана Магауяева (+80 кг) қола жүлдеге ие болды.

Ал Элина Базарова (-48 кг), Анжелика Цой (-52 кг), Милана Аюпова (-63 кг), Назым Әбдіхан (-60 кг), Анар Тұрысбек (-57 кг), Жібек Жарасқызы (-66 кг), Мақпал Ерболатқызы (-80 кг) Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.