Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері өмірден озды

0
553

Сидней олимпиадасында бокс жарыстарына төрелік еткен бірінші қазақстандық төреші ретінде танылды.


Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері өмірден озды

ERNUR.KZ. Отандық спорт ардагері Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев өмірден озды, деп жазады 24.kz.

Серік Әбденәлиев – бүкіл өмірін боксқа арнаған жан. Өзі боксшы ретінде бірнеше рет ел чемпионатында топ жарса, мемлекеттік жаттықтырушы ретінде де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлық: оның басшылығымен боксшылар Атланта олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды.

Ал Сидней олимпиадасында бокс жарыстарына төрелік еткен бірінші қазақстандық төреші ретінде танылды.