Бокстан жасөспірім қыздар арасында облыстың ашық біріншілігі өтуде

0
2 610

​2018 жылдың 4 наурызда басталған бокстан жасөспірім қыздар арасында облыс ашық біріншілігінің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Чемпионатқа Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан 85 ге жуық бұрымды келген,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Бокстан жасөспірім қыздар арасында облыстың ашық біріншілігі өтуде

2018 жылдың 4 наурызда басталған бокстан жасөспірім қыздар арасында облыс ашық біріншілігінің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Чемпионатқа Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан 85-ке жуық бұрымды келген,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

36 келі салмақта қарсыласы шаршы алаңға шықпай қалғаны үшін Самал Есенбек келесі айналымға жолдама алды. Кейбір боксшылар мерзімінен бұрын қарсыласын нокаутқа жіберді. Ал, 46 келі салмақта өткен Диара Арапбаева мен Аружан Жаңабаева арасындағы жекпе - жек тартысты өтті.

Мұнда Аружан Жаңабаева қарсыласынан айласын асырып, жеңіске жетті. Ақсулық Луиза Рустамханова Аружан Күзенбаеваға қарсы шаршы алаңға шығып, қатарынан екі рет нокдаундға түсіп, жарыстан шығып қалды.