Босниямен кездесу алдында Қазақстан құрамасының үш футболшысы жарақат алды

0
511

Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр.


Босниямен кездесу алдында Қазақстан құрамасының үш футболшысы жарақат алды

ERNUR.KZ. Әлем чемпионатына іріктеу ойындары барысында Қазақстан құрамасының үш ойыншысы жарақат алды. Енді олар алдағы Босния және Герцоговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспай қалуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Жарақат алған футболшылар - Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиулин.

Руслан Валиулин мен Марат Быстров елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Украинаға қарсы өткен кездесуде жарақат алған. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымдалған. Ал Руслан Валиулиннің сіңірі созылған.

Финляндия - Қазақстан матчы кезінде Абат Айымбетов иығын жарақаттап алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.

Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Бұл футболшыларға қатысты соңғы шешімді ертең команда дәрігері ойын алдында айтады.