Бразилия құрамасы әлем чемпионатында Францияның рекордын қайталады

0
724

Бразилия құрамасы әлем чемпионаттарында аталмыш көрсеткішке жеткен екінші команда атанып отыр.


Бразилия құрамасы әлем чемпионатында Францияның рекордын қайталады

ERNUR.KZ. Футболдан Бразилия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында 1998 жылғы мундиальдағы Францияның жетістігін қайталады, деп жазады vesti.kz.

"Пентакампеондар" екінші турда Швейцария ойыншыларын 1:0 есебімен ұтып, плей-офф раундына алдын ала шықты. Осыған дейін оңтүстік америкалықтар Сербия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Opta порталының мәліметінше Қатардағы әлем біріншілігінде Бразилия командасы екі матчта қақпасына бірде-бір дәл соққы жасатпады.

Бразилия құрамасы әлем чемпионаттарында аталмыш көрсеткішке жеткен екінші команда атанып отыр. Осыған дейін бұл жетістікті француз ойыншылары өз еліндегі турнирде тіркеген еді. Ал сол жарыста Франция финалда Бразилияны 3:0 есебімен ойсырай ұтқан болатын.