Бүгін хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

0
986

Қазақстан құрамасы Германия, Дания, Украина, Франция және Норвегия командаларына қарсы ойнайды.


Бүгін хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

ERNUR.KZ. Бүгін Францияның Гренобль қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (1 дивизион, А тобы) басталады, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы Германия, Дания, Украина, Франция және Норвегия командаларына қарсы ойнайды.

Кездесулер 14-20 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан хоккейшілері алғашқы матчта Германияға қарсы ойнамақ.

18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (І дивизион) кестесі: 14 сәуір, 23:30 - Қазақстан-Германия 15 сәуір, 23:30 - Франция-Қазақстан 17 сәуір, 16:30 - Украина-Қазақстан 18 сәуір, 20:00 - Қазақстан-Норвегия 20 сәуір, 20:00 - Дания-Қазақстан Кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.