Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының президенті коронавирус жұқтырды

0
401

Ол WBA-ны 2015 жылдан басқарып келеді.


Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының президенті коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) президенті Жилберто Мендоса кіші коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп жазады vesti.kz.

Ол өзін жақсы сезініп, бірнеше күннен кейін жұмысқа оралады. Дәрігерлер венесуэлалыққа оқшаулануды сақтап, тез қалпына келу үшін барлық нұсқауларды орындауға кеңес берді.

Мендоса WBA-ны 2015 жылдан басқарып келеді.