"Бүлік шығармай жүріңдер": Жұмағұлов сөзін бұрмалап жіберген журналистерге ашулы

0
977

Ол жалған ақпарат таратпауды сұрады.


ERNUR.KZ. Қазақ файтер Жалғас Жұмағұлов бірқатар қазақстандық және ресейлік БАҚ бетінде шыққан ақпаратқа қатысты наразылық білдірді. Онда Жако UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіндегі жеңілісі үшін бапкерін кінәлап отыр деген жалған мәлімет айтылған екен, - деп жазады Vesti.kz.

"Ассалаламу алейкум, бәріне сәлем. Жеңілісіме бапкерімді айыптадым деп жалған ақпарат таратқан барша журналистерге, тілшілерге айтарым бар. Сендер бүлік шығармай жүріңдер, шынымен де, бұларың не?! Мұндайды айтқан емесепін, айтпаймын да. Бәріне өзім ғана кінәлімін. Өтініш, өтірік мәлімет таратпаңдар", - дейді Жұмағұлов.