Чемпиондар кубогін алты рет ұтқан аңыз футболшы көз жұмды

0
630

Мадридтіктер сапында Хенто 600 матчке қатысып, 182 гол салды.


Чемпиондар кубогін алты рет ұтқан аңыз футболшы көз жұмды

ERNUR.KZ. Аты аңызға айналған футболшы және мадридтік "Реал" президенті Франсиско Хенто 88 жасында өмірден өтті, деп жазады vesti.kz.

Хенто - Еуропалық чемпиондар кубогін алты рет ұтып алған тарихтағы жалғыз футболшы.

Еске салайық, Хенто мадридтік клуб сапында 1953 пен 1971 жылдар аралығы ойнады. 18 маусымда ол 6 еуротрофей, Испания чемпионы титулын 12 рет, екі рет ел кубогін, бір құрлық аралық кубокті жеңіп алған және өзге турнирлерде ұтқан.

Жалпы жиыны 23 трофей "Реал" үшін рекорд. Мадридтіктер сапында Хенто 600 матчке қатысып, 182 гол салды.