Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» ПСЖ-ны жеңді

0
501

Матч аяқталарға жақындағанда шабуылшы Маркус Рэшфорд қонақтардың ұпайын еселеді.


Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» ПСЖ-ны жеңді

ERNUR.KZ. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Манчестер Юнайтед» ПСЖ-ны жеңді, деп жазады 24.kz.

Есеп: 2:1. 23-минутта Португалия ұлтының өкілі, жартылай қорғаушы Бруно Фернандеш пенальтиден гол соқты. Ал екінші таймда франциялық форвард Антониии Марсьяль абайсызда өз қақпасына доп салды.

Матч аяқталарға жақындағанда шабуылшы Маркус Рэшфорд қонақтардың ұпайын еселеді.

"Бұл топтық кезеңнің басы ғана. Десе де, біз жарысты сәтті бастадық. Мұндай мықты команданы жеңу үлкен мәртебе. Бүгінгі ойынға көңілім толады, ойыншылардың бәрі бабында екенін көрсетті" - Уле-Гуннар Сульшер, «Манчестер Юнайтед» ФК бас жаттықтырушысы.