Чемпиондар лигасы: «Ювентус» сүрініп, «Боруссия» жеңіске жетті

0
2 457

Ойын 2:1 есебімен аяқталды.


Чемпиондар лигасы: «Ювентус» сүрініп, «Боруссия» жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында Португалия мен Испанияда кезекті матчтар өтті, деп жазады Prosports.kz.

«Порту» өз алаңында италиялық «Ювентусті» қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Алаң иелері сапынан Мехди Тареми (2-минут) мен Мусса Марега (46) қанжығасын майлады. «Ювентус» сапындағы жалғыз голды Федерико Кьеза (82) соқты. Енді қарымта матч 9 наурызда Туринде өтеді.

Ал германиялық «Боруссия» сырт алаңда испаниялық «Севильяны» 3:2 есебімен ұтты. Дортмундық клуб сапында Эрлинг Холанд (27 және 43-минутта) екі гол салды, тағы бір допты Махмуд Дауд (19) соқты. Алаң иелері сапынан Сусо (7) мен Люк де Йонг (84) көзге түсті. Қарымта кездесу 9 наурызда Дортмундта өтеді.

Айта кетейік, Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының алғашқы 13 матчында 17 гол соққан алғашы футболшы атанып, рекорд орнатты.

Еске салайық, бұған дейін ПСЖ сырт алаңда «Барселонаны» 4:1 есебімен жеңген, ал «Ливерпуль» «Лейпцигтен» 2:0 есебімен басым түскен еді.