Чемпиондар лигасынан шығып қалған "Қайрат" мәлімдеме жасады

0
390

"Қайрат" сербиялық "Црвена Звезда" командасымен екі матчтық кездесудің қорытындысы бойынша оңбай жеңілді.


Чемпиондар лигасынан шығып қалған

ERNUR.KZ. "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі сәтсіз ойынына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.

"Мұнымен біткен жоқ, Еуропа лигасына бұдан күшті болып барамыз", - делінген команданың Instagram желісінде.

Еске салайық, ЧЛ іріктеуінің Белградта өткен қарымта кездесуінде алаң иелері 5:0 есебімен ұтты. Осылайша, қос ойын қорытындысы бойынша (6:2) келесі кезеңеге "Црвена Звезда" өтті. Ал "Қайрат" Еуропа лигасы іріктеуінің үшінші раундына жолдама алып, "Алашкертпен" ойнайды. Армениялық команда да ЧЛ іріктеуінде молдовалық "Шерифтен" ұтылды.

"Қайрат" пен "Алашкерт" арасындағы бірінші матч 5 тамыз Алматыда, ал қарымта - 12 тамыз Ереванда өтеді.

Осы текетіресте алматылық клуб ұтса, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтеді, ал ұтылса - Конференция лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды.