Чемпиондар лигасында "Бавария" "Барселонаға" сегіз гол соқты

0
595

Германиялық "Бавария" мен каталониялық "Барселона" командалары арасында өткен матч ірі есеппен аяқталды.


Чемпиондар лигасында

ERNUR.KZ. Чемпиондар лигасы Еуропаның үздік командаларының қатысуымен өтетін ойын. Коронавирустың салдарынан спорттық шаралар кейінге шегеріліп, кейбірі мүлдем өтпей қалған болатын. Алайда карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін стадиондар жайлап ашыла бастады, деп жазады kaz.nur.kz.

Кеше, 14 тамызда Лиссабондағы "Эштадиу да Луш" стадионында "Бавария" мен "Барселона" кездесті. Ойын "Баварияның" пайдасына 2:8 болып аяқталды. Енді неміс командасы "Манчестер Сити"-"Лион" арасындағы кездесуде ұтқан клубпен ойнайды.

Айта кетсек, Томас Мюллер, Иван Перишич, Серж Гнабри, Йозуа Киммих, Роберт Левандовский, Филипе Коутиньо сынды қас шеберлер "Баварияға" жеңіс сыйлаған.

Еске сала кетсек, Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін "Аль-Айн" клубы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханмен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде мәлімдеген болатын. Футболшы шетел клубымен үш маусымға келісімшартқа отырған. Қазақстан құрамасының капитаны бұндай шешімге команданың бас бапкері Педро Эмануэльмен ақылдаса отырып, келген. Осыған дейін Бауыржан Исламхан қаралымда болған санкт-петербургктік "Зенит" футболдан Ресей чемпионатының 2019/20 жылғы маусымын жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.