Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды

0
1 189

ERNUR.KZ. Бүгін УЕФАның Ньондағы штаб - пәтерінде Еуропа чемпиондар лигасының 1/4 финалына жеребе тартылды.


Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды

ERNUR.KZ. Бүгін УЕФАның Ньондағы штаб - пәтерінде Еуропа чемпиондар лигасының 1/4 финалына жеребе тартылды.

фото: uefa.com

Испанияның "Барселона" командасының қарсыласы Италияның "Ромасы" болды. Испанияның екінші өкілі "Севилья" Германия чемпионы "Бавария"ға қарсы алаңға шықса, соңғы екі маусымда турнирде жеңімпаз атанып келе жатқан "Реал" (Мадрид) Италияның "Ювентус"ымен кіл мықтыны анықтайтын болады. Сондай - ақ жартылай финал жолдамасын Англияның екі командасы "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" де сарапқа салады. Ойындар 3 - 4, 10 - 11 сәуір күндері өтеді. Естеріңізге сала кетсек, турнирдің финалы 26 мамыр күні Киевтегі "Олимпиский" стадионында өтеді.