Чемпиондықты ең көп сақтаған боксшы анықталды

0
1 430

Ол 12 жылдан бері чемпиондықты ешкімге бермей келе жатыр.


Чемпиондықты ең көп сақтаған боксшы анықталды

ERNUR.KZ. Владимир Кличко 12 жылдан бері чемпиондықты ешкімге бермей келе жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Украиналық кәсіпқой боксшы Владимир Кличко өте ауыр салмақта барлық боксшылардан көп чемпиондықты өзінде сақтап тұрған. Ол 12 жыл (4 328 күн) бойы әлемнің бірінші нөмірлі боксшы ретінде келген.

Осы рейтингтің екінші орнын америкалық Жо Луис иеленді. Ол Әлем чемпиондығының белбеулерін 11 жыл, 8 ай, 8 күн ешкімге бермеген екен. Жоғары үштікті аты аңызға айналған «бокс королы» Мұхаммет Али – 9 жыл, 5 ай, 5 күн нәтижесімен түйіндеген.

Сонымен қатар Владимир Кличконың ағасы Виталий Кличко 5 – сатыға орналасқан. Ол карьерасында белмелерін 7 жыл, 5 ай, 28 күн өзінде сақтаған.