​Данияр Елеусінов 4 рет жеңіске жетті

0
914

Даниярдың келесі жекпе – жегі 24 қараша күні Монаконың Монте Карло қаласында өтуі жоспарланған.


​Данияр Елеусінов 4  рет жеңіске жетті

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы 4 – рет жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

АҚШтың Бостан қаласында өткен жекпе – жекте Данияр америкалық боксшы Мэтт Догертиге қарсы жұдырық түйістірді. 6 – раундқа жоспарланған кездесудің алғашқы кезеңінде қарсыласы Данияр Елеусіновтың жойқын соққыларына шыдас бере алмады. Осылайша техникалық нокаутпен жеңіске жеткен отандасымыз кәсіпқой бокста қатарынан 4 – рет жеңіске жетті.
Даниярдың келесі жекпе – жегі 24 қараша күні Монаконың Монте Карло қаласында өтуі жоспарланған. Ал, қарсыласы жақын күндер ішінде белгілі болады.