«Денистің достары» Нұр-Сұлтанда мұздағы шоу өткізеді

0
785

Шара Денис Теннің құрметіне арналады.


«Денистің достары» Нұр-Сұлтанда мұздағы шоу өткізеді

ERNUR.KZ. Елордада танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне арналған шоу ұйымдастырылады, деп жазады Елорда Инфо.

«Денистің достары» мұздағы шоуы 14 желтоқсан күні «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді.

«Шоуға белгілі мәнерлеп сырғанаушылар, жаттықтырушылар мен Денистің достары қатысады. Жоба Қазақстанда мәнерлеп сырғанау өнерін дамыту мен елдер арасындағы достық пен өзара туризмді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, Денис Тенді еске алуға арналады», - деп хабарлайды «Давай сходим!» паблигі.

Кеш билеттерін ticketon.kz и kassir.kz сайттары арқылы алуға болады. Құны 3000 теңгеден басталады.