Деревянченкомен төбелескені үшін Головкиннің қанша алатыны белгілі болды

0
672

Головкинге бұл жекпе-жек үшін сегіз таңбалы сандағы ақы кепіл етілген.


Деревянченкомен төбелескені үшін Головкиннің қанша алатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. 5 қазанда орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында жұдырық түйістіреді, деп жазады Zakon.kz.

Жекпе-жек DAZN сервисі арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.
The Athletic инсайдері Майк Коппердің мәліметінше, бұл жекпе-жек екі қарсыластың да қалтасын кәдімгідей "қампайтып" береді. Головкинге бұл жекпе-жек үшін сегіз таңбалы сандағы ақы кепіл етілген. Ал Деревянченко туралы айтатын болсақ, оның сыйақысы 5 миллион доллардан кем болмайды. Бұл сома украин боксшының мұқым карьерасындағы ең жоғарысы. Ол бұған дейін ең көп дегенде 500 мың доллар тауып жүрген.
DAZN-мен келісім-шартқа отырған Головкин үш жылда 6 жекпе-жек өткізуге келісім берген. Бұл үшін GGG жалпы көлемі 100 миллион доллар гонорар алады.
Айта кетсек, Геннадий бұл келісімшарт бойынша 8 маусымда канадалық Стив Роллспен жұдырық түйсітіріп, алғашқы жекпе-жегін сәтті өткерген. Ол кезде GGG төртінші раундында қарсыласын сұлатып тастаған (19-1, 10 КО).