Допингке қарсы ұлттық орталық тағы екі спортшыны жарыстан шеттетті

0
1 046

Ресми сайттағы тізімде Валерия Копущу мен Әсем Жәкенова бар.


Допингке қарсы ұлттық орталық тағы екі спортшыны жарыстан шеттетті

ERNUR.KZ. Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым-салынған дәрі-дәрмек қолданған спортшылар тізімін тағы да жаңартты, деп жазады prosports.kz.

Ресми сайттағы тізімде каноеші Валерия Копущу мен ММА өкілі Әсем Жәкенованың қан сараптамасынан тыйым салынған дәрілер табылғаны көрсетілген.

Валерия Копущудің сынамасынан қолдануға тыйы салынған оралтуринабол табылды. Сынама жарыстан тыс кезде алынған. Спортшы 4 жылға жарыстардан шеттетілді.

Ал Әсем Жәкенова мельдоний қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан аластатылды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортта допинг қолдануға нөлдік төзімділік бағытын ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) «таза» спортшыларды қорғау туралы ұстанымын толығымен қолдайды.