Дзюдодан Азия чемпионатында қоржынға төрт жүлде түсті

0
710

Таиланд бұл күндері дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатын қабылдауда.


Дзюдодан Азия чемпионатында қоржынға төрт жүлде түсті

ERNUR.KZ. Бірінші күні қазақстандық команда төрт бірдей медальмен марапатталды, деп жазады vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев "алтын" иеленді. Мерей Махамбетов жарысты екінші орында аяқтады.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Зайзағалиев тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Жаңарыс Рахметқали "қола" иегері атанды.