Дзюдодан Қазандағы Grand Slam турнирі көрермендердің қатысуымен өтеді

0
824

Турнир 5-7 мамыр аралығына жоспарланған.


Дзюдодан Қазандағы Grand Slam турнирі көрермендердің қатысуымен өтеді

ERNUR.KZ. Дзюдодан Ресейдің Қазан қаласында өтетін Grand Slam турниріне көрермендер де қатыса алады, деп жазады olympic.kz.

Турнир 5-7 мамыр аралығына жоспарланған. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазандағы Grand Slam турнирінде залдың 50 пайызын жанкүйерлермен толтыруға мүмкіндік берілді.

Алайда, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) барлық санитарлық талаптар сақталые, көрермендермен дұрыс жұмыс істеуді міндеттеген.

Айта кетелік, Париж қаласында өтуі тиіс дзюдошылар додасы Франция тарапы бас тартқан соң, Қазанға ауыстырылды.