Екінші раундта құлатты: Бек Нұрмағанбет АҚШ-та жеңіске жетті

0
609

Оның қарсыласы америкалық Хайнелл Уилер (7-1, 6 КО) болды.


Екінші раундта құлатты: Бек Нұрмағанбет АҚШ-та жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) АҚШ жерінде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

WBA International белбеуінің иегері Нұрмағанбет Миннеаполис (Миннисота штаты, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Оның қарсыласы америкалық Хайнелл Уилер (7-1, 6 КО) болды. Кездесу алты раундқа жоспарланған болатын. Бірақ екінші раундта Бек қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Нұрмағанбет кәсіпқой бокста жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Уилер екінші мәрте жеңілді.