Экс-футболшы Қазақстан футболындағы былық-шылықты жайып салды

0
544

Экс-футболшы алдын ала келісілген матчтарға қызығатындай ұсыныстар болғанын айтты.


Экс-футболшы Қазақстан футболындағы былық-шылықты жайып салды

ERNUR.KZ. Қазақстанның ең атақты футболшыларының бірі және ұлттық құрама сапындағы рекордсмен Самат Смақов футболшы болған кезде өзіне қанша көлемде пара ұсынылғанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Экс-футболшы ешқашан алдын ала келісілген матчтарға қатыспағанын, бірақ қызығатындай ұсыныстар болғанын айтты.

"Алдын ала келісілген матчтарға ешқашан қатысқан емеспін. Мені білетіндерден сұраңыз, ондайға көнбейтінімді бәрі жақсы біледі. Бірақ кейбір жанкүйерлер бар, жеңілсең, "мынау сатылыпты", - дейді, ал ұтсаң, "сатып алыпты", - деп жатады. Өз басымда, мысалы мынандай бір жағдай болды, олар маған байланысқа шығып, жарты миллион доллар ұсынды. Бізден жеңілуді сұраған жоқ, тек белгілі бір нәтижеге жетіп, соған тоқталсаңдар деді. Содан: "Жігіттер, сендер керек адамға шығып тұрған жоқсыңдар" деп айттым. Біздің футболда әрдайым осылайынан: жеңіліс- сатылу, ұтыс-сатып алу. Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, барлық жердегі футболда бар нәрсе" - деді Смақов ER-BATYR Youtube каналына берген сұхбатында.

Экс-футболшы өзіне қандай ойын үшін осындай үлкен ақша ұсынылғанын нақтылап айтпады.