Ел қоржыны Азияда ойындарынан 6-шы алтын медальмен толықты

0
1 059

Қытайлық спортшыны жеңген Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанды


Ел қоржыны Азияда ойындарынан 6-шы алтын медальмен толықты

фото:ҚазАқпарат.

ERNUR.KZ. Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін Қазақстан қоржынына 6-шы алтын медаль түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадылқ комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін Жакартадағы жарыста каратеден 68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 6-шы алтын медальды сады.

Ол финалда қытайлық спортшы Танг Линглингті ұтып кетті. Естеріңізге сала кетейік, Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті. Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті.