Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

0
1 046

Дзюдодан Будапештте өткен Гран-при турнирінде 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды.


Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

ERNUR.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі Гран-при кезеңі аяқталған соң әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтингте Елдос Сметов алтыдан бесінші орынға көтеріліп, ТОП-5 қатарына енді, деп жазады tengrinews.kz.

Дзюдодан Будапештте өткен Гран-при турнирінде 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды. Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті.

Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алдымен "ваззари" ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын "иппон" ұпайымен жеңді.

66 келіде турнирдің күміс жүлдегері атанған Елдос Жұмаханов бір сатыға жоғарылап, 11-ші орынға табан тіреді. IJF ережесіне сәйкес, бірінші орын иеленген спортшылар 700, екінші орын иеленген спортшылар 490, үшінші орын алған спортшылар 350 ұпайға қол жеткізеді.

IJF рейтингінде алғашқы елулікке енген қазақстандық дзюдошылар тізімі:

  • 60 келі Елдос Сметов - 5 (4821)
  • Ғұсман Қырғызбаев - 11 (3156) 66 келі
  • Ерлан Серікжанов - 8 (4089) Елдос Жұмақанов - 11 (3504) 73 келі
  • Жансай Смағұлов - 19 (2448) 81 келі
  • Дидар Хамза - 17 (2602) Руслан Мұсаев - 49 (1036) 90 келі Ислам Бозбаев - 11 (3428) +100 келі Ерасыл Қажыбаев - 36 (1352)