Елена Рыбакина алғаш рет Australian Open турнирінің финалына шықты

0
576

Е. Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан тұңғыш рет Australian Open жарысының финалына өтті.


Елена Рыбакина алғаш рет Australian Open турнирінің финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, WTA рейтингісі бойынша әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінің финалына жолдама алды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің экс бірінші ракеткасы, жекелей сында "Үлкен дулыға" турнирінің екі мәрте чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының Чемпионы, қазіргі кезде рейтингіде 24-сатыда тұрған белорусиялық Виктория Азаренкомен кездесті.

Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет ғана кездесіп, Е.Рыбакина жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да Е. Рыбакина бірінші партияны қарқынды бастап, 2:1 есебімен алға шықты. Осы басымдылығынан айырылған жоқ – 7:6. Елена екінші сетте де 1:0 есебімен алға кеткенімен, Виктория сол бойда таразы басын теңестіріп үлгерді – 1:1. Дегенмен, қазақстандық спортшы қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3.

Осылайша, Е. Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан тұңғыш рет Australian Open жарысының финалына өтті. Бұл – үздік жетістік. Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінің финалында кезекті бір белорусиялық теннисші Саболенкомен бас жүлдені сарапқа салуы ықтимал. Себебі, Соболенко - Линет кездесуі енді басталды. Осы жартылай финалдың жеңімпазы Рыбакинаға қарсылас атанады.