Елена Рыбакина финалға шыға алмады

0
402

Ендігі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады.


Елена Рыбакина финалға шыға алмады

ERNUR.KZ. Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына тізе бүкті, деп жазады olympic.kz.

Олимпиаданың жартылай финалында Рыбакина әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын.

Тартысты кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ендігі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.