Элизабет Тұрсынбаева Қытайдағы турнирде «күміс» еншіледі

0
894

Бұл Элизабет Тұрсынбаеваның жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесі.


Элизабет Тұрсынбаева Қытайдағы турнирде «күміс» еншіледі

ERNUR.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қытайда өтіп жатқан Figure Skating ISU Shanghai Trophy 2019 халықаралық турнирінде екінші орын иеленді, деп хабарлайды ktk.kz.

Қазақстандық спортшы бүгінгі еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 116.85 ұпаймен үшінші орынан көрінді. Халықаралық конькимен сырғанау одағы тіркеген ресми нәтижеде Э.Тұрсынбаева 186.09 ұпаймен жалпы есепте екінші орынға орналасты.

Бұл Элизабет Тұрсынбаеваның жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесі.

Бірінші орында ресейлік Евгения Медведева, үшінші орында Оңтүстік Корея өкілі Ын Су Лим иеленген.