Элизабет Тұрсынбаева үздік мәнерлеп сырғанаушылары рейтингінде алтыншы орынды иеленді

0
1 168

Әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары тізіміне қазақстандық спортшы да қосылды.


Элизабет Тұрсынбаева үздік мәнерлеп сырғанаушылары рейтингінде алтыншы орынды иеленді

ERNUR.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанауды Элизабет Тұрсынбаева Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа енді деп хабарлайды olympic.kz.

Айта кетелік, ұпай есептеу барысында Олимпиада ойындары мен өткен маусымдағы әлем чемпионаттарының, сондай-ақ, Гран-при кезеңдері мен өзге де халықаралық жарыстардың үздік нәтижелері санаққа алынады.

Әйелдер арасында ресейлік Алина Загитова 4510 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Сатока Мияхара 3459 ұпаймен орналасқан. 3384 ұпай жинағантағы бір ресейлік Евгения Медведева үздік үштікті қорытындылауда.

Элизабет Тұрсынбаева алтыншы орында. Ол екі маусым қорытындысы бойынша 3108 ұпай жинаған. Ал жекелеген маусымда Элизабет төртінші орынға тұрақтаған.

Еске сала кетейік, Тұрсынбаев өз мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.