Елордада джиу-джитсу орталығы ашылды

0
588

Джиу-джитсу – олимпиадалық емес спорт түрі.


Елордада джиу-джитсу орталығы ашылды

ERNUR.KZ. Бас қалада джиу-джитсу спорт түрінен дайындық залы ашылды, деп жазады Елорда Инфо.

«Елордамызда «ARM JJ ACADEMY» атты джиу-джитсудан жаңа дайындық залы ашылды. Осы қуанышты жаңалықпен республикамыздың барша джиу-джитсу спортшыларын шын жүректен құттықтаймын! Арман Рузахунов бастаған «ARM JJ» және «Альянс» командаларын ерекше құттықтап, еліміздегі джиу-джитсу спорты алдағы уақытта одан әрі дамып, спортшыларымыз биік шыңдарды бағындырып, жеңістің тұғырынан көріне берулерін тілеймін!», - деп жазды ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Болат Мажағұлов өзінің Facebook парақшасында.