Елордада «Қазақстан барысы-2019» турнирі басталды

0
1 450

Жарыс жеңімпазына 25 миллион теңге сыйақы, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі.


Елордада «Қазақстан барысы-2019» турнирі басталды

ERNUR.KZ. Елорданың «Барыс-Арена» спорт кешенінде «Қазақстан барысы - 2019» турнирі басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Ұйымдастырушылар осы уақытқа дейін айтқандай, финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 балуан белдеседі. Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі. ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.

ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораевтың айтуынша, «Қазақстан барысы - 2019» турниріне шыққан балуандар еліміздің 14 облысынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және күштік құрылымдар арасындағы турнирлерде іріктеуден өткен. Айтулы сайыс осымен тоғызыншы рет өтуде.