Эльжана Таниева Ресейдегі гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

0
589

Бұл Таниеваның Гран-при турниріндегі алғашқы жүлделерінің бірі.


Эльжана Таниева Ресейдегі гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталып, қазақстандық Эльжана Таниева жүлдеге ілікті, деп жазады Olympic.kz.

Элжана ұршықпен жаттығуда күміс медаль иеленді. Бұл Таниеваның Гран-при турниріндегі алғашқы жүлделерінің бірі.

Бұл жаттығу бойынша алтын медальді ресейлік Лала Крамаренко, қоланы оның отандасы Арина Аверина еншілеген.

Айта кетелік, Эльжана Таниева Ресейдегі Ирина Винер-Усманова орталығында жаттығады. Бапкері - Яна Аринцева.