Еркебұлан Сейдахметке еуропалық клуб сапында қай нөмір бұйырды

0
1 021

Еркебұлан ресейлік клубқа 2018 жылдың қыс мезгілінде «Тараз» командасынан ауысып келді.


Еркебұлан Сейдахметке еуропалық клуб сапында қай нөмір бұйырды

ERNUR.KZ. Қазақстан футбол құрамасының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Болгарияның «Левски» клубында қай нөмірде ойнайтыны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа клубы Еркебұланға «17» нөмірін берді. Еске сала кетейік, Ресейдің «Уфа» клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Болгарияның «Левски» командасына жыл соңына дейін жалға берілген болатын.

Еркебұлан ресейлік клубқа 2018 жылдың қыс мезгілінде «Тараз» командасынан ауысып келді. Осы уақыт аралығында «Уфа» құрамында 4 ойында жасыл алаңға шықты. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында 6 кездесуге қатысты. Қарсыластар қақпасына 2 гол соқты.