EURO-2020: Италия құрамасы финалға жолдама алды

0
411

Алғашқы голды ойынның 60-минутында Италия шабуылшысы Кьеза соқты.


EURO-2020: Италия құрамасы финалға жолдама алды

ERNUR.KZ. Лондонда өткен жартылай финалда Италия Испания құрамасымен кездесіп, ойын соңындағы пенальтиден 4:2 есебімен жеңіске жетті, деп жазады baq.kz.

Алғашқы голды ойынның 60-минутында Италия шабуылшысы Кьеза соқты. Испания құрамасы есепті теңестіру үшін жиі шабуылға түсті. Нәтижесінде матчтің 80-минутында Альваро Мората таразы басын теңестірді.

Матчтің негізгі бөлігі тең есеппен аяқталды. Ойын экстра-таймға дейін созылды. Онда да екі команда бір-біріне гол соға алмады. Жеңізпаз матчтың лотереясы атанған пенальти сериясында белгілі болды. Испания құрамасының шабуылшысы жалғыз голдың авторы Альваро Мората пенальти сериясында Италия қақпашысынан өз айласын асыра алмады. Осылайша, Италия 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін Англия құрамасы жартылай финалда Даниямен бақ сынасады. EURO-2020 футбол бәсекесінің финалдық ойыны 11 шілде күні Англияның «Уэмбли» стадионында өтеді.