Еурокубок: Роналдудың «Ювентус» командасындағы дебюты сәтсіз шықты

0
1 091

Бұл жұпта сөзсіз «Бавария» фаворит саналды. Көпшілікті португалиялықтар өз алаңында мюнхендіктердің қақпасына гол соға алады ма? деген сауал мазалаған болатын.


Еурокубок: Роналдудың «Ювентус» командасындағы дебюты сәтсіз шықты

Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1 – тур екінші күні күтілмеген оқиғаларға толы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Е» тобы.

«Бенфика» (Португалия) – «Бавария» (Германия) – 0:2

Бұл жұпта сөзсіз «Бавария» фаворит саналды. Көпшілікті португалиялықтар өз алаңында мюнхендіктердің қақпасына гол соға алады ма? деген сауал мазалаған болатын. Бірақ, «Бавария» футболшылары стадионға жиналған жанкүйерлерді зеріктірместен жылдам гол соқты. Қарымта шабуылдан кейін Роберт Левандовски өзінің әдісіне сай қорғаушыларды алдап қақпаны нысанаға алып есепті ашты. «Бенфика» футболшылары намысқа тырысып, гол соғу әрекетінде болды. Бірақ, бұл матчта оларға қақпашы Мануэль Нойерді қапы қалдыру бақыты бұйырмады. 54 – минутта Ренату Саншеш өзінің отандастарының қақпасына гол соғып, «Баварияға» 2:0 есебіндегі жеңісті сыйлады.

«Аякс» (Голландия) – АЕК (Греция) – 3:0

«Йохан Кройфф Арена»да қонақтардың ұпай алуы өте мүшкіл еді. Себебі, «Аякс» соңғы жылдарда қайта оянып, бұрынғыдай қарқынды ойын көрсетуді бастады. Құрамына жас футболшыларды жинап, шабуылды ойын көрсетіп жатқан амстердамдықтар екінші таймда қарсыластарының қақпасына қатарынан 3 гол соқты. Николас Тальяфико 46, 90 және Донни ван де Беек, 77 – минуттарда есімдерін таблоға жаздырып, «Аякс»ге 3:0 есебіндегі жеңісті сыйлады. Ал, АЕК топта аусайдер деп есептеліп жатқанын айта кетсек болады.

«F» тобы

«Манчестер Сити» (Англия) – «Лион» (Франция) – 1:2

Англиядағы ойында нағыз сенсация тіркелді. Хосеп Гвардиоланың дисквалификация жасалып, алаңның жанында отырмағаны кері әсерін тигіздіма әйтеуір, «Сити» футболшыларының ойыны ойдағыдай болмады. Франция клубы олардың жылдам шабуылдарына тойтарыс беріп, қарымта шабуылмен өздерін жазалады. 26 – минутта Максвель Корне голдар шоуын бастап беріп, «Лион»ның ұпай үшін келгенін паш етті. 43 – минутқа келіп стадиондағы табло 0:2 есебін көрсетті. Осы уақытта Набиль Фекир «Манчестер Сити» қақпашысын ренжіткен еді. Үзілістен соң ағылшындар бір голдың қарымтасын қайтарып, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, олар Англия командалары арасында Чемпиондар лигасында қатарынан 4 матчта жеңіліп антирекорд та орнатты.

«Шахтер» (Украина) – «Хоффенхайм» (Германия) – 2:2

«G» тобы

«Реал» (Испания) – «Рома» (Италия) – 3:0

«Сантьяго Бернабеу» стадионында алдын ала болжамдағыдай «Реал» ірі есеппен жеңіске жетті. Үзіліс алдында Иско айып добын тамаша орындап есепті ашты. Екінші таймда Гарет Бэйл жылдамдық барысында бірнеше футболшыға шаң жұқтырмайтынын көрсетіп, екінші голды соқты. Матч соңында Мариано Диас ойынға нүкте қойды – 3:0. «Реалдың» жеңісі.

«Виктория» (Чехия) – ЦСКА (Ресей) – 2:2

«Н» тобы

«Валенсия» (Испания) – «Ювентус» (Италия) – 0:2

Испания чемпионатында 9 жыл карьерасын өткізген Криштиану Роналду «Юве»дегі Еурокубоктағы дебютын Испанияда өткізді. Бірақ, португалиялық аяқдопшы үшін баршасы сәтсіз аяқталды. Ол командасымен гол соғу әрекетінде болды. 29 – минутқа келіп баршасы өзгерді. Бас төреші көмекшісімен ақылдасып, Роналду қарсыласына дөрекі ойнады деп, қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуып шықты. Кришти бұл шешіммен келіспей көз жасына да ерік берді. Бірақ, төреші шешімді өзгертірмейтіні белгілі «Ювентус» 10 футболшы болып ойнауға мәжбүр болды. «Валенсия» сан басымдығына ие болса да, гол соға алмай жеңіліп қалды. Миралем Пьянич екі рет пенальтиден дұрыс пайдаланып, Турин ұжымына жеңіс алып берді – 2:0.

«Янг Бойз» (Швейцария) – «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 0:3