Еуропа чемпионаты алдында Қазақстан құрамасының белді ойыншысы ауыр жарақат алды

0
858

Жарақаттан толық айығу үшін 6-8 апта қажет.


Еуропа чемпионаты алдында Қазақстан құрамасының белді ойыншысы ауыр жарақат алды

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лео ауыр жарақат алып, Еуро-2022 турниріне қатыспайды, деп жазады vesti.kz.

Қатты тиген доптың салдарынан қорғаушының оң білегі сынған. Жарақаттан толық айығу үшін 6-8 апта қажет. Оның орнына енді Қазақстан құрамасына "Атыраудың" ойыншысы Ерсұлтан Сағындықов шақырту алды.

Еске салайық, бүгін, 20 қаңтар күні Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін өткізеді. Бірінші қарсыласымыз Словения құрамасы. Ойын 22:30-да басталып, тікелей эфирде көрсетіледі.