Еуропа лигасы: Қазақстандық клубтардың ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

0
514

Кездесулер 17 қыркүйекте өткізіледі.


Еуропа лигасы: Қазақстандық клубтардың ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Еуропа лигасының екінші іріктеу сатысында бақ сынайтын қазақстандық клубтардың барлық ойыны тікелей эфирде көрсетіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетелік, турнирдің аталған сатысында еліміздің атынан «Астана», «Қайрат» және «Қайсар» клубтары жасыл алаңға шығады. Кездесулер 17 қыркүйекте өткізіледі. Барлық ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы ойында Қызылорданың «Қайсары» Кипрдің АПОЭЛ командасымен шеберлік байқасады. Кездесу Шымкент қаласында болады. Ойын елорда уақытымен 17.50-де басталады.

Елордалық «Астана» Черногорияның «Будучность» клубымен кездеседі. Алматыда өтетін кездесу 19.55-те басталады.

Дәл осы күні сағат 22.50-де Алматының «Қайраты» Израильде «Маккаби» (Хайфа) клубымен жасыл алаңға шығады.

Естеріңізге сала кетелік, биыл Еуропа лигасында Шымкенттің «Ордабасы» клубы да сынға түскен еді. Команда турнирдің алғашқы сатысында өз алаңында Румынияның «Ботошани» командасына 1:2 есебімен жол берді.