Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді

0
631

Қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді.


Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Федор Емельяненко жеңіліске ұшырағаннан кейін 11 ай өткен соң жеңіске жетті, деп жазады tengrinews.kz.

Қаңтарда америкалық файтер Райан Бейдерден жеңіліп қалған ресейлік бүгін АҚШ-тың басқа спортшысымен, UFC экс-чемпионы Куинтон Джексонмен кездесті. Бұл Сайтамда (Жапония) өткен Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы болды.

Емельяненко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді. Енді ресейлік спортшының қоржынында ММА-ден 46 жекпе-жек бар, оның 39-ы жеңіспен аяқталған. Сонымен қатар, алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жек өтпей қалған болып есептелген.

Айта кетейік, қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді.

"Өкінішке қарай, менің карьерам аяқталады. Мүмкін, бұл менің Жапониядағы соңғы жекпе-жекім", - деді ресейлік спортшы жеңістен кейін.