ФИФА 2021 жылдың үздік ойыншысын анықтады

0
566

Ол Месси емес.


ФИФА 2021 жылдың үздік ойыншысын анықтады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски 2021 жылдың ең үздік ойыншысы атанды, деп жазады Vesti.kz.

Цюрихте онлайн форматында өткен Халықаралық Футбол Федерациясының (ФИФА) жыл сайынғы үздіктерді марапаттау рәсімінде Польша құрамасының форварды бірінші орын иеленді.

Басқа үміткерлердің арасында Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси мен "Ливерпуль" шабуылшысы Мұхамед Салах та болды.

Еске салайық, Левандовски Дортмундтың "Боруссиясы" сапында Бундеслиганың 2 дүркін чемпионы атанды. "Бавариямен" бірге Германия біріншілігін 7 мәрте және Чемпиондар Лигасын 1 рет ұтқан. Жеке марапаттарының арасында әр жылдары 8 рет "Польшаның үздік ойыншысы" номинциясында үздік деп танылды. 2020 жылы ФИФА нұсқасы бойынша жер шарының ең мықты футболшысы атанды. 2021 жылы "Алтын бутсы" марапатын да қоржынына салды.

Левандовски Польша құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген болып табылады. Ол өз елінің сапында алаңға 128 матчта шығып, 74 гол соққан.