Фируза Шарипова әлем чемпионы атанды

0
519

Боксшы өзінің кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді.


Фируза Шарипова әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазан қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (11-1, 5 КО) бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

Шарипованың қарсыласы Танзания елінің тумасы Хэппи Дауди болды (8-6-1, 4 КО). Титулдық жекпе-жек екі минуттан он раундқа есептелгенімен, мерзімінен бұрын аяқталды. Кездесудің бесінші екі минуттығында Дауди қарсыластың жеңісін мойындауға мәжбүр болды. Дауди Шарипованың бірнеше соққыларын жіберіп алып, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Төреші Фирузаның жеңісін тіркеді.

Осылайша, Фируза Шарипова өзінің кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Хэппи Дауди өзінің жетінші жеңілісіне ұшырады.