Франциядағы шахмат чемпионатында 8 жасар қазақ баласы 1-орынды иеленді

0
1 540

Сауат - елімізде шахматтан спорт шеберіне ең жас үміткер.


Франциядағы шахмат чемпионатында 8 жасар қазақ баласы 1-орынды иеленді

ERNUR.KZ. Францияда жылдам шахматтың блиц және рапид түрлерінен ашық чемпионат болды. Онда Қазақстаннан барған жалғыз спортшы Сауат Нұрғалиев алтын медальді жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Чемпионатқа 539 спортшы қатысты. Сауат 14 партияда 9 рет жеңіске жетті. Сауаттан жеңілгендердің бірі - 22 жастағы ФИДЕ шебері, франциялық Дудоньон Тибо (ЭЛО - 2292).

«Қазір Сауат - елімізде шахматтан спорт шеберіне ең жас үміткер. Өткен айда ол қатарластарының арасындағы ЭЛО рейтингінде көш бастап, классика бойынша 9 жасқа дейінгі балалар арасында әлемнің үздік шахматшысы атанды», - дейді жас дарын иесінің бапкері Ержан Шәкенов.

Франция ашық чемпионаты Ле-блан-мениль қаласында болды. Бір айта кетерлігі, турнир жас санаттарына бөлінген жоқ.

«Сауаттың қарсыластарының көпшілігі одан жасы үлкен әрі тәжірибелі шахматшылар еді. Бірақ біздің чемпион оған пысқырған да жоқ», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Шахмат федерациясының президенті Абылай Тостамбеков.