Футбол: Биылғы Ұлттар лигасының өтетін мерзімі анықталды

0
520

Аталған дода қыркүйек-қараша айлары аралығында өткізіледі.


Футбол: Биылғы Ұлттар лигасының өтетін мерзімі анықталды

ERNUR.KZ. Футболдан 2020/21 жылғы кезеңдегі Ұлттар лигасы ойындары қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған дода қыркүйек-қараша айлары аралығында өткізіледі. Бірінші тур 3-5 қыркүйекте болса, екінші тур 6-8 қыркүйекте ойналады. Құрамалар 10-12 қазанда үшінші, 13-14 қазанда төртінші турда шеберлік байқасады. Ал бесінші тур 14-15, алтыншы тур 17-18 қарашада болады.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы аталған турнирде С лигасының төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Албания, Беларусь және Литва құрамалары.

Қазақстандық футболшылар 2018/19 Ұлттар лигасында Д лигасының бірінші тобында Грузия, Латвия және Андорра құрамаларымен шеберлік байқасты. Өз тобында Грузияны алға шығарып, екінші орынды місе тұтты.

Бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы финалдық кезеңі қалай өткізілетіні хабарланды.